ЛРТ жаяу жүргіншілер өткелдерін салу үшін Астанадағы Сығанақ көшесінің учаскелері 2025 жылдың қыркүйегіне дейін жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
LRT жобасының № 112–118 станцияларында жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірлер салу үшін қадалау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мына учаскелерде қозғалыс толығымен шектеледі:
Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі Сығанақ көшесінің бөлігінде;
Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне қарай оң жақтағы Түркістан көшесі бағытына шығатын жолда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу