Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған балаларға көмекке келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі болғандай, Астана қаласының Есіл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 3-4 қабаттардың аралығында лифтте екі бала қалып қойған.
"Шақыру орнына келген құтқарушылар "Фомка" әмбебап ломның көмегімен лифт есігін ашып, 2014 және 2015 жылы туған балаларды құтқарды", – делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Балалар ата-аналарына табысталды. Оларға медициналық көмекке қажет болмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу