Ұлыбританиялық Эдвард Клэнси "Astana EXPO 2017 International Criterium" кәсіби шоссейлік веложарысының жеңімпазы атанды. Онымен бірге "Астана" командасының мүшесі Бақтияр Қожатаев Азияның ең үздік жарысшысы атанды. Жарыс ЭКСПО көрмесі аясында өткізілді, деп хабарланды елордалық әкімдіктің медиа орталығы.
Жарысқа әлемнің 5 ұлттық құрамасынан 15 кәсіби команда қатысты, оның ішінде Гранд-турлардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, веложарыстан Олимпиада медалистері өнер көрсетті.
"Тур де Франс" жеңімпаздары Крис Фрум, Микель Ланда, Наиро Кинтана, сондай-ақ "Astana ProTeam" командасының көшбасшысы Фабио Ару жарыс хедлайнерлері атанды. Жарыс "Астана ЭКСПО -2017" аумағынан басталды. Әрі қарай бағыт "Бәйтерек" монументі алаңы бойынша жалғасты, спортшылар Түркістан, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелері бойынша 1,6 шақырымнан 30-35 рет айналып шықты.