Астанада "Нұрлы жол" теміржол вокзалында ашулы әйел азық-түлік сататын жердегі тауарларды лақтырып, шу шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол айғайға басып, тауарларды лақтырып, оны тыныштандырмақ болған ер адамды итеріп жіберген. Ал айналадағы адамдар аң-таң және қорқынышпен қарап тұрғанын көруге болады. Алайда оның бұл әрекетінің себебі жұмбақ күйінде қалып отыр.
Қазір көлік полициясы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің жеке басы анықталды, қазір оның әрекеті тексеріліп жатыр.
"Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп түсіндірді полицейлер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу