Астанада 2024 жылдың 19 маусымында жаңа ауданның атауы бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана Тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, ономастикалық комиссия отырысында жаңа аудан құру және оған атау беру мәселесі бойынша бірнеше отырыс өткізілген.
"15-ке жуық ұсыныс түсті. Олардың төртеуі іріктелді: Сарайшық, Сауран, Тұран және Жеруық. Олар бойынша ономастикалық комиссияның тағы бір отырысы өтті. Содан кейін дауысқа салынып, көпшіліктің даусымен Сарайшық нұсқасы таңдалды", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу