Астанадағы жаңа LRT желілері Талдыкөлдің су қорғау аймағы арқылы өтеді

204

Экологиялық құжаттамаға сәйкес, LRT-ның екінші және үшінші желілері мен депосы толықтай елорда аумағында орналасады.  

Астанадағы жаңа LRT желілері Талдыкөлдің су қорғау аймағы арқылы өтеді Фото: Tiek.kz

Астанада жоспарланып отырған жаңа LRT желілері бірнеше су нысанының су қорғау аймақтары арқылы өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Tiek порталына сілтеме жасап.

Төртінші желі Астана мен Қосшы қаласының әкімшілік шекарасы арқылы өтеді. Үш желінің жалпы ұзындығы шамамен 26,5 шақырым болады. Жобаға ең жақын су нысандарының қатарында Талдыкөл, Сарыбұлақ өзені және Кіші Талдыкөл тобына кіретін №5 көл бар. Талдыкөл деподан 455 метр, Сарыбұлақ өзені екінші желідегі станциядан 370 метр, ал №5 көл үшінші желідегі станциядан 125 метр қашықта орналасқан. Бұл нысандардың аумағы су қорғау аймағына кіреді.

Сонымен қатар құрылыс кезінде Астанада 68 ағашты кесу, 62 ағашты басқа жерге көшіру жоспарланған. Қосшыда 119 ағаш пен 51 бұтаны кесу, 87 ағаш пен 68 бұтаны көшіру көзделген.

Кесілген ағаштардың орны он есеге көбейтіліп отырғызылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу