Астанадағы жантүршігерлік оқиғаның алдын-ала себебі жарияланды

1248

ҚР ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин бес баланың өмірін қиып кеткен өрттің неден шыққаны туралы айтты.

Астанадағы жантүршігерлік оқиғаның алдын-ала себебі жарияланды

ҚР ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин бес баланың өмірін қиып кеткен қайғылы оқиғаның алдын ала себебін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, өрт шыққан құрылыс нысаны уақытша тұруға арналған. Ол жерде тура сондай бірнеше нысандар бар. Иесі – қайтыс болған балалардың анасының үлкен апасы.

"Алдын ала қорытындыға сәйкес, балалар иіс тиіп, қайтыс болған. Бұл дегеніміз, үйдің төбесі опырылып құлағанда барлығы ес-түссіз жатқан", – деді Юрий Ильин журналистерге берген сұxбатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қайғылы жағдайға тап болған отбасының туыстары жарты сағат бұрын балаларды көріп кеткен. Пеш те дұрыс істеп тұрды. Ал түнгі сағат 2:34 көршілер өрт сөндіру қызметіне xабар берген.

"Өрт неден шықты? Далаға шығатын мұржаның асбест қаптамасы болмаған. Содан ағаш шатыр өртенді. Қазір арнайы зертxана жұмыс істеп жатыр. Соның қорытындысы бойынша нақты себептер белгілі болады", – деп атап көрсетті Юрий Ильин.

Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 баланың денесі табылды. Ең кішісі небәрі үш айлық сәби еді.

Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.Үйдің отағасын түнгі уақытта жұмыс берушісі шақырып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу