29-30 қазан күндері Елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Ақмола облысы өз өнімдерін ұсынады, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратта көрсетілгендей, барлығы 850 тоннадан астам өнім ұсынылмақ. Оның ішінде 200 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 200 тонна картоп, 100 тонна сүт және сүт өнімдері, 100 тонна көкөніс, 25 тоннадан астам ұн, 13 тонна жаңа піскен балық, 8 тоннадан астам кондитер өнімдері және нан өнімдері, шамамен 1 млн дана жұмыртқа және т.б. өнімдер бар.
Айта кету керек, жәрмеңке "Астана-Арена" стадионының жанындағы алаңда өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу