Астанадағы жарықтың сөнуінде ешқандай жүйелі проблема жоқ — әкімдік

322

Астана әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов қаладағы жарықтың сөнуін кездейсоқ жағдайлардың тоғысуы деп атады. 

Астанадағы жарықтың сөнуінде ешқандай жүйелі проблема жоқ — әкімдік Фото: pixabay.com

Оның айтуынша, электр қуаты саласында ешқандай жүйелі проблема жоқ, деп жазады Inbusiness.kz.

"Кешегі штаттан тыс жағдай кездейсоқ жағдайлардың салдары болуы керек. Инженерлік инфрақұрылым болғандықтан, бір жерде кабель бұзылады, бір жерде кабель тозады. Сондықтан мен бұл штаттан тыс жағдай деп айтар едім, жүйелік проблемалардың салдары емес", - деп жауап берді әкім орынбасары брифингте журналистің сұрағына.

Ол жылыту маусымы қарсаңында барлық технологиялық жабдықтар мен барлық инженерлік инфрақұрылым - су құбыры, энергетика тексеруден өтетінін атап өтті.

"Нысандардың әрқайсысы дайындық паспортын, сынақ актілерін алады. Сондықтан технологиялық жағынан барлық жабдықтар дайын болды, ал кешегі жағдай - бұл төтенше жағдай, форс-мажор", - деді Нұркенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу