Астанадағы жекеменшік мектептерде оқу ақысы төмендейді

1629

2018-2019 жылғы оқу жылында Астана қаласының білім басқармасы елордадағы жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

Астанадағы жекеменшік мектептерде оқу ақысы төмендейді

2018-2019 оқу жылында Астана қаласының білім басқармасы елордадағы жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады, деп хабарлайды elorda.info. 

"Мектепке дейінгі және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәжірибесіне сүйене отырып, жекеменшік мектептер желісін ұлғайту көзделіп отыр. Жан басына қаржыландыру әдісіне сәйкес, бастауыш сынып оқушылары үшін бір айлық шығын - 13 мың теңге, ал жоғары сыныптарда 21 мың теңге көлемінде қаражат бөлінуі жоспарланған", - делінген  білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, қазіргі күні бағдарламаға қатысатын жекеменшік мектептер арасында "Ақбұлақ" балаларды дамыту орталығы, "Экономикалық лицей", "Алпамыс мектебі", "Нұрорда" мектеп-лицейі және т.б. оқу ордалары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу