Жоғары есеп палатасының төрайымы Наталья Годунованың айтуынша, қаржы дер кезінде бөлінсе де, сапасыз жобалау және мердігерлердің келісім-шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамауы көбінесе инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мәселен, Астана қаласындағы ЖЭО-3 құрылысының жобасы 2011 жылдан бері жүзеге асырылуда, аудит кезінде жұмыстың небәрі 64%-ы орындалғаны белгілі болды, әкімдік 83% деп хабарлаған. Бұл ретте жобаның құны 40%-ға қымбаттады. Сонымен қатар жылу гысандарына жүктеменің асып кету фактілері анықталды", - деді спикер.
Болашақта бұл 2023 жылы қолда бар қуат пен тұтынушылар жүктемесі арасындағы теңгерімсіздіктің ұлғаюына және апаттық жағдайларға алып келуі мүмкін.