Астанадағы жетімдер үйіне жылына 1 мыңға жуық бала түседі

4322

Астанадағы жетімдер үйіне жылына 1 мыңға жуық бала түседі

Астанада жетімдер үйіндегі тәрбиеленушілер саны біршама азайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

"Жыл басынан бері ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 16 бала елордадағы балалар үйіне қабылданды. Бұл балаларды отбасына қайтару мүмкін болмады. Себебі олардың ата-аналары ата-ана құқығынан айырылды, ал кәмелетке толмаған балаларды туыстары қамқорлыққа ала алмады", - деді Астана әкімдігінің кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы директорының орынбасары Айгүл Болатхан.

Жыл басынан бері бейімдеу орталығына 700-ге жуық бала түсті. Бұл балалар қадағалау-қараусыз, ата-ананың қамқорлығысыз және үлкендер тарапынан зардап шеккен. 

3 жастан 18 жас аралығындағы жас өспірімдер аталған орталықта үш айға дейін болады. Осы аралықта баланы ата-анасына қайтару немесе интернаттық мекемеге жіберу туралы шешім қабылданады. 

Бейімдеу орталығында балалардың білікті психологиялық, медициналық және құқықтық көмек пен бес мезгіл тамақтану мен білім алу мүмкіндігі бар.

"Қазіргі уақытта орталықта 25 кәмелетке толмаған бала бар. Жыл сайын орта есеппен бізге бір мыңға жуық бала түседі. Көбіне берекесіз немесе толыққанды емес отбасының балалары түседі. Олар ата-ана тарапынан қажетті ықылас пен мейірімді көрмейді", - дейді Айгүл Болатхан.

Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстан астанасында балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің азайғаны байқалады. 

Егер 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы олардың саны 272 құрады.

Республикада жетім балаларды тәрбиелеуге алған қазақстандық отбасыларды материалдық ынталандыру енгізілді. 2004 жылдан бері патронаттық тәрнбие беру формасы дами бастады. Патронаттық тәрбиешілерге еңбек өтілі мен квалификациялық категориясына байланысты ай сайын еңбек ақы төленеді. Сонымен қатар баланы күтіп-асырауға 9-10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы беріледі.

Бұған қоса 2011 жылдан бастап баланың қамқоршылары да ай сайын 10 АЕК (22690 теңге) жәрдемақы алады.

Ал 2015 жылдың қаңтар айынан бері бала асырап алған қазақстандық азаматтарға 75 АЕК мөлшерінде (170 175 теңге) бір жолғы төлемақы төлене бастады. Жалпы, бұл 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 272 құрап отыр. Яғни, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 36% пайызға азайғаны байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу