Қалалық полция департаменті таратқан алдын-ала мәліметтер бойынша, автобус Ұлы Дала даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі жолаушы медициналық мекемеге қажетті көмек алу үшін жеткізілді", – деп хабарлайды департамент.
Жол сақшыларым жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауға, рөлде мұқият болуға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу