Астанадағы жұмыссыздық деңгейі І тоқсанда 4,5 пайызды құрады

755

2019 жылдың басынан бастап, жұмыс іздеу мәселесімен елорданың жұмыспен қамту орталығына 7 371 азамат жүгінген.

Астанадағы жұмыссыздық деңгейі  І тоқсанда 4,5 пайызды құрады

2 769 адам әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылып, оның ішінде 2 628 адам жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

694 адам толық уақытты жұмысқа, 390 жас астаналық жастар тәжірибесіне, 85 тұрғын әлеуметтік жұмысқа орналасқан. 1 459 адам қоғамдық жұмыс істейді.

141 адам электромонтаждаушы, тігінші, аспаз, кондитер, бағалаушы-сарапшы сияқты қысқа мерзімді кәсіптік оқуды бастады. Бұл үшін 913 адамды қамту мақсатында 110,4 млн теңге бөлінген.

Астанадағы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың бірінші тоқсанында 4,5% құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу