Астанадағы жылу электр орталығының құрылысы баяулап қалды – Алтай Көлгінов

580

Алдағы жылдары елорданы жылу энергиясының тапшылығы күтіп тұр, алайда 3-ЖЭО құрылысы ұзаққа созылуы мүмкін.

Астанадағы жылу электр орталығының құрылысы баяулап қалды – Алтай Көлгінов

Қала әкімінің түсіндіруіне қарағанда, мердігер көрсетілген мерзімде қажетті жұмыстарды орындамайды, мәселе сонда. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Алдағы жылдары жылу энергиясын тұтыну көлемінің тапшылығы болуы мүмкін. Осыған байланысты біз бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып жатырмыз. Қазіргі уақытта 3-ЖЭО құрылысы қайта басталды", – деді әкім Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, жаңа ЖЭО құрылысы жылу энергиясының қуатын тағы 440 Гкал / сағатқа арттыруға мүмкіндік береді.

"Қазіргі уақытта мердігер белгіленген мерзімде жұмыстарды орындамады. Осыған байланысты тиісті шаралар қабылдануда", – деді қала әкімі.

Бұдан бұрын сарапшылар бизнес нысандарын "жасыл" ғимаратқа ауыстыру үшін мемлекет тиісте деңгейде ерік-жігер көрсете алмай отырғанын айтқан.

Олардың айтуынша, әлемде тұтынылатын бастапқы энергияның шамамен 40%-ы, барлық электр энергиясының 67%-ы ғимараттарда пайдаланылады. Олардағы ескі технологияларды энергиялық тиімді технологияларға ауыстырса, энергияға көп мөлшерде үнем болмақ.

Мысалы, бір ғана астанада энергиялық тиімді технологиялар пайдаланылса, жылдық энергия үнемдеу 295 118 МВт немесе кеңсе ғимараттары тұтынатын барлық энергияның 77%-ын құрайды. Бұл дегеніміз жалпы республикалық энергия тапшылығының 5%-на тең болмақ.

Мамандардың айтуына қарағанда, "жасыл жоба" енгізетіндерге салық жеңілдіктері, ғимараттарды жаңғырту үшін грант, электр энергиясы құнына жеңілдік беріп, сосын тиімді технология қолданған ғимараттарға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік мекемелерді орналастыруды талап ету керек. Бұл сонымен бірге экологияға да оң әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу