Астанада жылы аялдамалар кәсіпкерлерге беріледі

959

Астанада жылы аялдамалар кәсіпкерлерге беріледі

Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек жылы аялдамалар кәсіп үшін берілетінін хабарлады. Бұл туралы ол facebook-тегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Астана әкімі Әсет Исекешев жылы аялдамаларды орнатуда тың бастама көтерді. Қала бойынша орнатылған 65  жылы аялдама қатары тағы 200-ге толығады. Бұған қоса, 145 жылы аялдаманы, яғни аялдамалардың 70 пайызын бизнес үшін беру қарастырылуда, ал 55-і, яғни 30 пайызы - әлеуметтік маңызы бар жерлерге (мектеп, аурухана, т.б.) орнатылғандар бюджет есебінен қаржыландырылады. Менің жаңа евро форматтағы жылы аялдамалар орнатуға байланысты бұған дейінгі жазбама аялдаманы  бизнес жобасы ретінде қарастыруға ниетті көп адам пікір қалдырған еді. Қазір біз "Астана" ӘКК АҚ-мен бірлесе отырып, орынды кәсіпкерлерге ұзақ мерзімге жалға орын беруге дайынбыз. Аялдамадағы шағын маркет – бұл тұрақты кәсіп!", - деп жазды әкім.
Қызығушылығы бар адамдар 25 мамыр күні, сағат 15:00-де Сарырарқа ауданы әкімдігіне барып, барлық сұрақтарға жауап ала алады. Сұрақтар бойынша 556621, +77023831477 нөмірлеріне хабарласуына болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу