Астанадан 9 мыңға жуық жүк көлігіне тең қар шығарылды

180

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан 110 мың текше метрден астам, яғни 8 917 жүк көлігі көлемінде қар шығарылған. 

Астанадан 9 мыңға жуық жүк көлігіне тең қар шығарылды Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, ондаған мың текше метр қарды арнайы полигондарға шығарып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала басшылығы 9 қараша күні күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер 1 633 рейс жасап, 20 мың текше метрден астам қарды арнайы полигондарға жеткізгенін мәлім етті.

10 қарашаға қараған түні қар тазалау жұмысына 415 жол жұмысшысы мен 1 143 арнайы техника жұмылдырылмақ.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан 110 мың текше метрден астам, яғни 8 917 жүк көлігі көлемінде қар шығарылған.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін орташа қозғалыс орындары – аулалар, алаңдар, жаяу жүргіншілер жолдары және аялдамалар тазартылды.

"Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға шақырады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу