Астанадан Ақтауға ұшқан FlyArystan ұшағында тосын жағдай орын алып, шұғыл қонды

1201

Бүгін FlyArystan әуе компаниясына тиесілі FS 7375 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадан Ақтауға ұшқан FlyArystan ұшағында тосын жағдай орын алып, шұғыл қонды Фото: kazlenta.kz

Ұшақ Астанадан Ақтауға бет алған.

"FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шықты", – деп жазды компания.

Өртті бортсеріктер жедел сөндірген. Ұшақта 182 жолаушы болған.

"Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды. Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды", – деді FlyArystan.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу