Соңғы тәуліктерде Ақмола облысы мен елордада күн райы бұзылып тұр. Ат құлағы көрінбейтін бораннан жолдар көрінер емес.
Осыған байланысты Астанадан барлық бағытқа қатынайтын республикалық маңызы бар жолдар жабылып жатыр.
Жедел ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда еліміз бойынша Теміртау - Ақмола облысының шекарасы, Қарағанды-Қарқаралы, Қарағанды - Павлодар облысының шекарасы, Топар - Жезқазған, Қарағанды - Ақсу-Аюлы аралығында жолдар жабық.
Құтқарушылар жүргізушілерден сақтық шараларын сақтап, ұзақ жолға шықпауын өтініп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу