Елордада қар тазалау жұмыстары ауысыммен тәулік бойы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Коммуналдық қызметтер қар тазалығымен күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. 16 қарашада кешкі ауысымда қаланы қардан тазартуға 900-ден астам арнайы техника, ал 250-ден астам жол жұмысшысы шықты. 16 қараша күні түстен кейін полигондарға 25 мың текше метрден астам қарды 2009 ауыр жүк көлігі тасыды.
Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады.
Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. орындар қардан тазартылады.
Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.