Астанада коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар 26 ақпаннан 27-сіне қараған түні қаладан 35 мың текше метрден астам қар шығарды, деп жазады inbusiness.kz cайты.
27 ақпан күні таңертең қала көшелерінің қарын күреуге 1300-ге жуық арнайы техника мен 2400-ден аса жол жұмысшы жұмылдырылды.
Олардың күшімен қаладан 2500-ден аса рейспен 35,6 мың текше метр жуық қар шығарылды.
Ал қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 400 мыңға жуық рейс арқылы 5,3 млн текше метрден аса қар шығарылды.
Айта кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.
Сол сияқты қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.