Қар қалың жауған кезде елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп жазады inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
19 желтоқсаннан 20-сына қараған түні қаладан шамамен 50 мың текше метр қар немесе 3600-ден астам жүк көлігі шығарылды.
Бүгінгі таңда Астанада қар күреуге 2400-ден астам жол қызметкері мен 1600-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Бірінші кезекте қоғамдық көліктің қиындықсыз жүруі үшін негізгі магистральдар тазартылады. Ары қарай, қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады.
Қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.