Астанадан қала маңына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалысы қалпына келтірілді

782

Ал № 300, 305, 308, 309, 312, 315 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Астанадан қала маңына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалысы қалпына келтірілді

Астанадан қала маңына қатынайтын № 310, 311, 316 бағдарлардың қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT-ға сілтеме жасап.

​"№ 310, 311, 316 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы қалпына келтірілді. Сонымен қатар № 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 317, 318, 320 бағдарлардың қозғалысы жалғасуда. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 312, 315 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарланатын болады. Қоғамдық көлікке қатысты ақпаратты Астана LRT компаниясының facebook, instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу