Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

345

Аймақтарға көмек жинау пункттері де қарқынды режимде жұмыс істеуде. 

Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді  Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Демалыс күндері су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатқан өңірлерге Астанадан 14 гуманитарлық көмек газелі жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Ұлттық волонтерлер желісінің өкілдері мәлімдеді.

Елорда тұрғындары су тасқынынан зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена құралдары және т.б. жинады. Қазіргі таңда елордада 9 қойма жұмыс істеп тұр. Іс-шараға 30 волонтерлік ұйым, 200 волонтер қатысты.

Аймақтарға көмек жинау пункттері де қарқынды режимде жұмыс істеуде. Ақтөбеге 31 наурызда Түркістан облысынан гуманитарлық көмек келді.

Ол сол аймақтағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға таратылды. Волонтерлер, қоғамдық белсенділер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, Атырау облысының тұрғындары да шетте қалмады.

Үш күн ішінде "Күш бірлікте" акциясы аясында олар Ақтөбе облысының тұрғындары үшін 8 тонна гуманитарлық көмек жинады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу