4 қаңтар күндіз республикалық маңызы бар "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолының Астана қаласы мен Павлодар облысы аралығындағы учаскесінде, яғни 16-200 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына рұқсат берілді.
Сондай-ақ 4 қаңтар, кешкі 17.00-ден бастап республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы автожолының 1291-1426 шақырым аралығы ашылды.
Бұл - Астана мен Теміртау қалаларының арасын жалғайтын жол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу