Декларацияланбаған ақшаның жалпы көлемі – 498 454 908 теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..
"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығымен (Жарлық) Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған:
- 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдары;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 г аффинирленген алтын құймалары және "ALTYN BARYS" алтынынан және "KÚMIS BARYS" күмісінен жасалған инвестициялық монеталар, сондай-ақ 100 г-дан астам аффинирленген алтын .