Жел күшейіп, бұрқасындатудың салдарынан Астанададан шығатын барлық бағыттағы жол жабылды. Мұны қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Қала маңындағы елді мекендерге апаратын жолдар жабылды. Ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында да жолдар жабылды.
Айта кетейік, төтенше жағдайлар комитеті кеше Астана-Қорғалжын тасжолында қалып қойған 20 көлік шығарылып, 35 адам құтқарылғанын хабарлаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу