Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Астанадан шығатын жолдар кей көлік түрлеріне жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 7 желтоқсан күні Астанада аяз күшейді.
Түнгі уақытта ауа температурасы -31, -35 градусқа дейін суытады.
"Осыған байланысты кешкі сағат 18:00-ден бастап қоғамдық және жүк көліктерінің Астана қаласынан шығатын республикалық маңызы бар барлық жолда жүруіне тыйым салынады", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу