Күн райының нашарлауына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "109" қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 19.30-дан бастап "Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы" республикалық маңызы бар автожолының 1291 – 1426 шақырым аралығы, нақты айтқанда, "Астана қаласы – Теміртау қаласы" учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды.
"Ауа райының нашарлауына байланысты, қала маңына қатынайтын № 315, 316 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына жүретін басқа бағдарлар линияда", – делінген City Transportation Systems компаниясының мәліметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу