14 ақпан Астанадан шығатын екі жол жабылып, қала маңына қатынайтын автобустар жүрмей қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Таңғы 6:00 кезінде қалалық төтенше жағдай департаменті "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолының 16-200 шақырым аралығы, Астанадан Павлодар облысы шекарасына дейін жабылғанын хабарлады.
Сонымен бірге "Астана-Петропавл" жолының 18-232 шақырым аралығында да қозғалысқа тыйым алынған. Ол — Астанадан Щучье қаласына апаратын жол.
- Осыған байланысты City Transportation Systems компаниясы таңғы 07:00 бастап қала маңына қатынайтын № 305, 309, 312, 315, 316, 317, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтайтынын мәлімдеді.
Қала маңына жүретін өзге маршруттар линияда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу