Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

201

Астанада гуманитарлық көмек жинайтын 9 пункт ашылды.

Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жіберілді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада гуманитарлық көмек жинайтын 9 пункт ашылды. Гуманитарлық көмек жинауға 30 волонтерлік ұйым, оны буып-түюге 600-ден астам адам жұмылдырылды. Қаланың кәсіпкерлері көмекті бөлек жинап, тікелей немесе қоймалар арқылы жібереді.

"Бүгінгі таңда Астанадан зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Көмек кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, еріктілердің, сондай-ақ бей-жай қарамайтын азаматтардың арқасында көрсетілуде", - деді Астана қаласы еріктілер фронт-офисінің басшысы Эльвира Есмұханова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Өңірлерге азық-түлік, жылытқыштар, қайықтар, генераторлар, күректер, 400 мың қап, балалардың киімдері, гигиеналық заттар, шатырлар, төсек-орын жабдықтары, резеңке киімдер жіберілді. Көмек жүк көліктерімен де, елдің әуе компанияларымен де жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу