Астанадан ұшып шыққан Boeing 737 апатты жағдайда қонды

859

Ресейдің Шереметьево әуежайына қонған әуекеме ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. 

Астанадан ұшып шыққан Boeing 737 апатты жағдайда қонды Фото: ria.ru

Ұшақта 81 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Әуе көлігі "Аэрофлот" компаниясына тиесілі, деп хабарлайды Atameken Business. 

Ресейдің Шереметьево әуежайына қонған Boeing 737 ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Ешкім жарақат алған жоқ. Алайда ұшу жолағының уақытша жабылуына байланысты Шереметьеводағы 40 әуе рейісі кейінге шегерілді.

Ұшақтың апатты жағдайда қонуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мәскеудің көлік прокуратурасы мәселенің мән-жайын анықтауға кіріскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу