Астанадан Варшаваға тікелей қатынайтын әуе рейсі ашылды. Екі тарапты жалғайтын ұшақ аптасына төрт рет жолаушы тасымалдайды. Егер сұраныс артып жатса, екі ортаға күн сайын қатынау жоспарда бар. Осылайша, Польшаның "ЛОТ" компаниясына тиесілі "Боенг 737" әуе лайнерымен жолаушылар небәрі 5 сағаттың ішінде діттеген жеріне жетеді. Барып-қайту билетінің құны 120 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ, жолаушылар Брюссель, Будапешт, Мюнхен, Прага, Рига сияқты қалаларға Варшава арқылы қатынай алады. Айта кетейік, ЭКСПО қарсаңында ашылып жатқан рейстердің қатары алдағы уақытта арта түспек.
Талғат Ластаев, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Төрағасының міндетін атқарушы
Жуықта тағы бірнеше рейс ашылады. ЭКСПО көрмеге сәйкес. Ертең Астана-Ереван, бүрсүгіні Астана-Киев деген рейстер ашылады. Бүкіл рейстер транзиттік потанциал даму үшін ашылатын рейстер. Жәнеде жаңа терминал ашылады. Әуежайдың қуаты екі есеге үлкейтеді.Экспо өткен соң, "Ашық аспан" деген жобаның қорытындысын көріп, жобаны жалғастыру ойы бар.