Астанадан Вьетнамға ұшқан ұшақ қайта қонуға мәжбүр болды

176

Бұл туралы елорда әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.

Астанадан Вьетнамға ұшқан ұшақ қайта қонуға мәжбүр болды Фото: Vietjetair

Жексенбі, 24 тамыз күні Астанадан Нячангқа ұшып шыққан VietJet Air ұшағы елордаға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әуе кемесінің аэродромға қайта оралуы туралы шешімді жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне және авиациялық тәртіпке сәйкес, экипаж командирі қабылдады", – делінген хабарламада.

Ұшақта Астана әуежайында қабылдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.

Ұшақ жерге штаттық режимде қонды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу