Вильнюс әуежайы "SCAT" қазақстандық әуе компаниясының Астанадан орындаған алғашқы тұрақты рейсін қабылдады, деп хабарлайды СІМ басшысы.
Қазақстан мен Литва арасындағы әуе қатынасы табысты іске қосылуына байланысты Вильнюс әуежайында бірінші рейспен келген қазақстандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясы өтті.
Литва аэропорттар компаниясының SEO Мариус Гелжинис пен Литваның Қазақстандағы елшісі Витаутус Наудужас журналистерге Литваның туристік әлеуеті туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасының Литвадағы елшілігінің кеңесшісі Сержан Қадырбаев тікелей рейстің ашылуы екі ел арасындағы экономикалық диалогты әртараптандыруға, өзара инвестициялардың жаңа перспективаларын ашуға, жоғары технологияларды енгізуге, медициналық және білім беру жобаларын дамытуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.