Астанадан Ы. Алтынсарин ауылына қатынайтын бағдар іске қосылды

743

Бағдар "Рахмет" СО аялдама пунктінен қозғалысты бастайды.

Астанадан Ы. Алтынсарин ауылына қатынайтын бағдар іске қосылды

10 ақпаннан бастап № 319-шы жаңа бағдар іске қосылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

10 ақпаннан бастап № 319 жаңа қала маңына қатынайтын бағдар іске қосылды. Ол Ы. Алтынсарин (96 разъезд) ауылын көлік қатынасымен қамтамасыз етеді.

"Бағдар "Рахмет" СО аялдама пунктінен қозғалысты бастайды, Тілендиев даңғылы, Астрахан тас жолы бойымен, одан әрі оңға қарай Ы. Алтынсарин ауылына қарай жүреді. Оңға қарай Қонаев көшесі бойымен Торғай көшесінің қиылысына дейін қатынайды", – деп хабарлады "Astana LRT" компаниясы.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасымен жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу