Астанадағы жарты ғасырдан астам тұрған үйлер сүріледі

421

Астанадағы жарты ғасырдан астам тұрған үйлер сүріледі

Астана билігі хрущёвкаларды сүруге кірісті. Биыл 1962 жылдары салынған қаладағы бірнеше тұрғын үй сүрілмек.

Нақтырақ айтар болсақ, Жеңіс көшесіндегі 64 үй бірінші болып сүрілмек. Қазір ғимаратты қоршау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды naryk.kz.

Үйдің кіреберісіне су кіріп, қазір тұруға жарамсыз болып қалған.

Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбектің айтуынша, бұл жоспарлы сүру жұмыстары. Үй ТКШ жаңғырту бағдарламасына енгізіліп, оның тұрғындары жаңа үйге көшкен.

“Біздің ауданда 62 апатты үй сүрілмек”, – деді әкім.

Оның айтуынша, сүрілген үйдің орнына не салу керектігін сол ауланың тұрғындары шешпек. Қазір тұрғындар арасында сауалнама жүріп жатыр. Әзірге таңдау дүкен, сауық орталығы, гүлзар немесе басқа да нысан салу туралы жоба бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы осы аудандағы апатты 30 үй сүрілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу