"Астанаэнергосбыт" ЖШС мен "Астана-АЭК" АҚ жұмыстары жоспардан тыс тексеріліп жатыр

587

"Астанаэнергосбыт" ЖШС және "Астана-АЭК" АҚ-ында коммуналдық қызметтер үшін артық төлемдер фактілері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.   

"Астанаэнергосбыт" ЖШС мен "Астана-АЭК" АҚ жұмыстары жоспардан тыс тексеріліп жатыр Фото: zakon.kz

Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің елордалық департаментіне тұтынушылардан желтоқсан айындағы электр және жылу үшін артық төлемдер бөлігінде өтініштер келіп түскен.

Нәтижесінде Астана қаласы бойынша ТМРКД "Астанаэнергосбыт" ЖШС және "Астана-АЭК" АҚ-ның атына табиғи монополиялар саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы хабарлама жіберді.

Белгілі боландай, әлеуметтік желілерде және бірқатар БАҚ-та тұтынушылар осы айда алған өткен жылдың желтоқсан айындағы жылу мен электр энергиясы үшін артық төленген түбіртектерге наразылығын білдіріп жатыр. Бұл ретте базалық монополист-субъектілердің тарифтері өскен жоқ және бүгінде бұрын бекітілген деңгейде қалып отыр.

Осыған байланысты, елорданың әрбір тұрғыны электр энергиясы мен жылу үшін жүргізілген дұрыс емес есептеулер бойынша түсініктемелер алу, сондай-ақ қайта есептеу жүргізу үшін "Астанаэнергосбыт" ЖШС және "Астана-АЭК" АҚ атына жүгінуге құқылы.

Өтініштер үшін монополист субъектілердің мекенжайлары: "Астана-АЭК" АҚ – Абай көшесі, №80 ғимарат, "Астанаэергосбыт" ЖШС – Б.Момышұлы даңғылы, 4/1 үй.

"Астана-АЭК" АҚ: анықтама қызметі – 62-04-56, басқарма төрағасының іске асыру жөніндегі орынбасары Ғабидолла Қожабаев: +7 771 020 0791; электр энергиясын есептеу және есептеу қызметінің бастығы Қайролла Газезов: +7 776 118 7176; электр энергиясын есептеу және есептеу қызметі бастығының орынбасары Алмаз Құлов: +7 701 515 5559. Жұмыс күндері таңғы 8:30-дан 17:30-ға дейін, сондай-ақ жазбаша өтінішті kancelyariya@astrec.kz электрондық поштаға жіберуге болады.

"Астанаэнергосбыт" ЖШС: анықтама қызметі – 91-83-33 нөмірі бойынша, жұмыс күндері таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін, сондай-ақ жазбаша өтінішті мына электрондық поштаға жіберуге болады: info@aesbyt.kz.

Монополистердің іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда әрбір тұтынушы Астана қаласы бойынша ТМРКД-ға жүгінуге құқылы (мекенжайы: Астана қ., Петров к-сі 5, тел.: 95-36-04. e-mail: k.kense@economy.gov.kz, https://eotinish.kz).

Монополистердің іс-әрекеттерінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, Астана қаласы бойынша ТМРКД өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу