"Астанаэнергосервис" АҚ-ны таратудан 1 млрд теңге үнемделеді

791

Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру аясында "Astana" ӘКК" АҚ желісі бойынша кәсіпорындар саны 24-тен 14-ке немесе 42 пайызға қысқарады.

"Астанаэнергосервис" АҚ-ны таратудан 1 млрд теңге үнемделеді

Бүгін елорда әкімдігінде Жолдауға қатысты өткен қала активінің отырысында кәсіпорындарды қысқарту мен бұл жұмыстың бас қалада қалай жүретіні туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты,  деп хабарлайды Елорда Инфо.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыруға тапсырма берді. Соның ішінде мемлекеттік компаниялардың санын қысқарту керектігі айтылды.

"Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру аясында "Astana" ӘКК" АҚ желісі бойынша кәсіпорындар саны 24-тен 14-ке немесе 42 пайызға қысқарады. Осы арқылы жылына 2 млрд теңгеге дейін үнемдейміз. Бір "Астанаэнергосервис" акционерлік қоғамын жойғанда 1 млрд теңге үнемделеді. Бұл қаржы қыс маусымына керек техниканы сатып алуға бағытталады", – деді қала басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу