Астанаға 2017 жылы өңірлерден 158 064 тонна азық-түлік жеткізу жоспарланған

867

Астанаға 2017 жылы өңірлерден 158 064 тонна азық-түлік жеткізу жоспарланған

Астанаға 2017 жылы өңірлерден 158 064 тонна азық-түлік жеткізу жоспарланған, деп хабарлады strategy2050.kz.

ЭКСПО көрмесі қарсаңында қала әкімдігі өзге аймақтармен жеткізілетін өнімнің көлемі бойынша келісімге келді. Облыстардың мәліметінше, қалаға 158 064 тонна азық-түлік жеткізілмек. Ол көліктерді қабылдау үшін екі арнайы алаң белгіленді.

"Қазіргі кезде көрмені өткізу кезінде логистиканы ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр. Тауардың белгілі бір қоры, сақтау мәселесі де қаралуда", – деді қала әкімі.

Мұнымен қоса, Астанада жұмыс істеп тұрған қуаттылығы 8 000 тонналық көкөніс сақтау орны базасында, "Алтай" КЛО және Continental Logistics ЖШС-да мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында "Астана" ӘКК" ҰК" АҚ қатысуымен 3 көтерме-тарату орталығы құрылады. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеуге, тауарлардың сапасын бақылауға, жеткізілімдерді есепке алуға, кепілді сатып алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде оны "АЛАЙ" көпфункционалды көліктік-логистикалық кешені (ашық сауда алаңдары - 25 мың шаршы метр, жүк көліктерінен сауда жасауға арналған асфальт төселген алаң – 30 мың шаршы метр) базасында құру бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

"Қаланың жеткізілетін тауарларға тәуелді екенін ескерсек, инфрақұрылымды дамыту және азық-түлік өнімдерін сақтау мен шығару мәселесіне көңіл бөлу керек", – деді Әсет Исекешев.

Бұдан басқа, Астанада қуаттылығы жылына 1 800 мың тоннаны құрайтын 1 жылыжай жұмыс істейді. Қуаттылығы 4850 тонна болатын тағы 2 жылыжай салынуда. Қуаттылығы жыылына 7000 тоннаны құрайтын тағы 3 нысан жобалану үстінде. Сондай-ақ жалпы сақтау көлемі 42,8 тонналық 8 көкөніс сақтау орны бар, жалпы сақтау көлемі 34,5 мың тоннаны құрайтын 9 нысан жобаланып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу