Астанаға 3 мың тоннадан аса көмір жеткізілді

790

Қалада қатты отын сатумен айналысатын 8 компания бар.   

Астанаға 3 мың тоннадан аса көмір жеткізілді

Астанада көмірдің жалпы қоры 11189,4 тоннаны құрайды, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Кеше Астанаға 3193 тонна көмір келіп түсті. Оның 420 тоннасы – "Шұбаркөл", 1114 тоннасы – "Қаражыра", 1314 тоннасы – "Майкөбе", 345 тоннасы – "Богатырь көмір" маркалы көмір. 

Айта кетейік, елордада "Шұбаркөл" көмірінің тоннасы – 13600 теңге, "Қаражыра" көмірінің тоннасы – 14 000, "Майкөбе" тоннасы – 12 500, "Богатырь көмірінің" тоннасы – 9 500, "Кузнецкий" тоннасы 12 500 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу