Астанаға ақылы кіру 2017 жылдың көктемінде енгізілмек

818

Астанаға ақылы кіру 2017 жылдың көктемінде енгізілмек

Қаланың көше-жол желілерінде қысымды, кептелісті азайту мақсатында "Ақылы кіруді" енгізу қарастырылған. Бұл туралы Жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді, деп жазады strategy2050.kz.

"Қалаға кіруді ақылы қылу бойынша бірқатар бағыттар қаралды. Тиімді шешім  шығыс магистралінде  IT-шешімі бар  6 тұрақты орнату қарастырылған.  Ақылы кіру 7:00-ден  10:00-ға дейін Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қосшы, Қорғалжын  бағыттарынан кіретін бағытта  орнатылады", – деді Бекмырза Игенбердинов.

"Астана LRT" көлік компаниясының  директоры Рүстем Халилева  айтқандай, бұл шешім адамдарды автобуспен жүруге итермелейді, ал ол қаланың қысымын азайтуға мүмкіндік береді.

"Астанаға кірерде автотұрақ  ашылады, жүргізушілер көліктерін сонда қалдырып кете алады. Мақсат кірісті ақылы қылдыруда емес, қаланың кептілісін азайту", – деді Рүстем Халилев.

Айта кетейік, қазіргі таңда қала маңынан  75 мың көлік келеді, оның  30-40 пайызы таңертең  жолға  шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу