Астанаға ақылы кіру жүйесі әзірше енгізілмейді – әкімдік

766

Астанаға ақылы кіру жүйесі әзірше енгізілмейді – әкімдік

Астана қалаға сырттан келген көліктерге ақылы кіру жүйесін тоқтата тұруды шешті.  Бұл туралы бүгін xалық алдында есеп берген Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Маңызды сұрақ – қаладағы қоғамдық көлік мәселесі. Елорда xалқы қарқынды өсіп келе жатыр, сондықтан біз қалалық көлікті басқарудың жаңа моделін жасауды жоспарлаудамыз. Біз бұнда кешенді қарайтын боламыз. Негізгі үш мәселе бар – автобустардың жетіспеушілігі, аялдамалардың тапшылығы, үшіншісі - жүргізушілердің жолда жүру мәдениеті мен автобус парктарының жұмысы. Сондықтан біз қоғамдық тыңдаулар өткізіп, барлық пікір мен ұсыныстарды жіті тыңдап шықтық. Халық пікірін ескеріп, біз қалаға ақылы кіру жүйесін енгізуді және Абылайxан және Құдайбердіұлы даңғылдарына бір бағытты қозғалысты енгізуді тоқтатуды жөн санадық",  – деді ол.

Оның айтуынша, Астанада Үкіметтің қолдауымен 386 жаңа автобус сатып алынады. Халық арыздарының негізінде маршруттардың бағыты да өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтар 60 шықырымға ұлғайтылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу