Астанаға ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 300 тонна өнім жеткізілді

967

Астанаға ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 300 тонна өнім жеткізілді

Бүгін таңертең өңірлердің тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкелердің жаңа маусымы басталды. Алғашқы жәрмеңкеге ОҚО, БҚО және Атырау облысынан 300 тонна өнім жеткізілді. Оңтүстік Қазақстан тауар өндірушілері жалпы құны 150,9 млн теңгенің 266,7 тонна өнімін әкелді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

"Ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізуге мүмкіндік бергені үшін Астанаға алғысымызды білдіреміз. Біз үшін Астананың нарығын зертету қызық. Елорданы өз бағаларымызбен, өндірушілерден тікелей ұсынылған өнімнің сапасымен таң қалдыра алғанымызға үміттенеміз. Бүгінгі жәрмеңкеге облыстан 14 аудан қатысып отыр, оның ішінде Шымкент қаласы да бар. Өнімдер ассортименті мол: қызанақ, жылыжайда өсірілген қияр, ет, бал, кептірілген жемістер, бағалар 10-15%-ға арзан. Бұл Астанамен арадағы жақсы ойластырылған логистиканың арқасында мүмкін болды",– деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тимур Баймұханов.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына жылқы етін – 22 тонна, күркетауық етін – 15 тонна, макарон өнімдерін – 10 тонна, көкністер – 177,5 тонна, сүт өнімдерін – 2,7 тонна, шұжық өнімдерін – 3 тонна, балық өнімдері – 3 тонна, қымыран-шұбат – 1 тонна, 10 мың дана жұмыртқа және т.б. өнімдер ұсынады.

Аймақ билігінің өкілдерінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы алты жәрмеңке өткізеді. Жергілікті шаруалар 12 976 тонна ауыл шаруашылық өнімінің 28 түрін ұсынады. Осы мақсатта 35 ірі кәсіпорын мен жеке қосалқы шаруашылықтар бар. Өзге өңірлерден де осындай өнімдер әкелінбек.

Еске салайық, Астана қаласында 13-14 мамыр күндері "Қазақстан" спорт кешенінің автотұрақ аймағында (Қ. Мұңайтпасов, 7) және "Алай" СЛО-ның автотұрақ алаңдарында Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына 300 тонна өнім ұсынылады,

Елорда тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін беру мақсатында қала басшылығы жәрмеңкені 2 күн қатарынан (сенбі, жексенбі) өткізбек, тауар бағасы нарық құнынан 10-15%-ға арзан.

Үш жәрмеңкеге жоғарыда аталған облыстардың 190 өңдеуші кәсіпорындары мен ауыл шаруашылық құрылымдары қатысады. Сондай-ақ, шара барысында өңірлердің өнер ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынғалы отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу