Астанаға Біріккен күрес әлемінің техникалық делегациясы келді

870

Олар биыл 14-22 қыркүйегі аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтетін әлем чемпионатына дайындықты қадағалап, жарыс өтетін орынды тексереді.

Астанаға Біріккен күрес әлемінің техникалық делегациясы келді

Комиссияны UWW бюро мүшесі Питер Бакса мен коммуникация және маркетинг жөніндегі директор Гордон Темплмэн бастап келген. Делегация құрамында жалпы есебі жеті адам бар, деп хабарлайды  Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Сапардың басты мақсаты – 2019 жылдың 14-22 қыркүйегі аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтетін әлем чемпионатына дайындықты қадағалап, жарыс өтетін орынды тексеру.  

Қазақстанда тұңғыш рет өтетін лицензиялық әлем чемпионатын "Барыс-Арена" спорт сарайы қабылдайды. 

Әлем чемпионатында олимпиадалық салмақтар бойынша бірден алтыншы орын аралығында көрінген балуандар 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасына иелік етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу