Астанаға да су басу қаупі төнді

830

Астанаға да су басу қаупі төнді

Астанаға да су басу қаупі төніп тұр. Алдағы үш тәулікте су реттеуіш қоймасы арнасынан асатын болса, Астананы су жайлауы мүмкін. Үкімет сағатында бұл жайлы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Бүгінде қоймадағы суды жіберуге қатысты мәселе күн тәртібінде тұр. Қазір Елорда маңындағы қоймаларда еріген қар суының деңгейі 40-тан 1200 текше метрге дейін жетіп отыр. Жиында Бақытжан Сағынтаев су басу қаупі төнген облыстардың әкімдерінен де жауап алды. Осы жайға салғырт қарайтын шенеуніктерді сынға алып, жауыр болған мәселеге жергілікті әкімдер кінәлі екенін айтты. 

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев

"Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды. Баяғы жартас, сол жартас. Жыл сайын айтатын әңгіме осы су тасқыны болды ғой. Бір нәрсені қайта-қайта айта бергенше, әкімдер, өздеріңіз басқарып отырған өңірді қатаң бақылауда ұстаңыздар.

Автор: Арай Сүгірбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу