Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов әлемдік актер Джеки Чанды елорда әуежайынан күтіп алды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жөргенбаева фейсбуктегі парақшасында "Қала әкімі әйгілі актерды қарсы алды", - деп жазды.
Бұған дейін "Оскар" сыйлығының иегері Джеки Чан 7 маусымда Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысады деп хабарланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу