4 қазандағы жағдайы бойынша "көмір сатылатын жерде" көмірдің жалпы қоры 11168,5 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
2 қазаннан 3 қазанға дейін елордаға 28 вагон немесе 1942 тонна көмір әкелінді. Оның ішінде 11 вагон немесе 759 тонна Шұбаркөлдікі, 13 вагон немесе 907 тонна Майкөбе, 4 вагон немесе 276 тонна Каражыра көмірі. Осы жылдың тамыз айының бірінен бастап 95,7 мың тонна жеткізілді. Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу