Астанаға ЭКСПО кезінде 12 миллион адам келген

695

Астанаға ЭКСПО кезінде 12 миллион адам келген

Астанада көліктегі ІІД "ЕХРО-2017" көрмесін өткізу кезінде еліміздегі авиа және теміржол нысандарындағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен ведомствоның жұмыс нәтижелерін жариялады, деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат.

Әкімшілік полиция басқармасы таратқан хабарламаға қарағанда, Көліктегі ІІД жеке құрамы 10 шілдеден 10 қыркүйек аралығында қылмыстың ізін кесу және алдын алу үшін күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қоғамдық тәртіпті күзету үшін бір тәулікте 270 қызметкер тартылған. Көрменің алғашқы күнінен бастап көлік полицейлері Астана-1 және "Нұрлы жол" теміржол вокзалдарында, сондай-ақ "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында жолаушылар мен шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар кешенін қабылдап, жүргізді. Осы кезеңде Астанаға теміржол көлігімен 12 млн 177 мың 797 адам, ал әуе көлігімен - 744 мың 448 адам келген.

Іс-шара өткізу кезеңінде жоғарыда көрсетілген нысандарда 12781 құқық бұзушы, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін 350 адам, қоғамдық орынды ластағаны үшін 104 адам, алкогольдік ішімдік ішкені үшін 1276 адам, тыйым салынған жерде темекі шеккені үшін 810 адам, тыйым салынған жерде саудамен айналысқан 1242 адам және т.б. әкімшілік жауапқа тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу