Астанаға Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало келді

107

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Астанаға Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало келді Фото: Ақорда

"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу